Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысы ПД-да Отан қорғаушылар күніне орай үздік қызметкерлер марапатталды

Қарағанды облысы ПД-да Отан қорғаушылар күніне орай үздік қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесі күніне орай Қарағанды облыстық полиция департаментінде салтанатты іс-шара болып өтті.

Мерекеге орай қызметінде алдыңғы қатардан көрініп, үздік шыққандарды департамент бастығы Ныгмет Исмагулов құттықтап, ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрығымен марапаттады.

– Баршаңызды Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын! Бұл қос мереке де еліміз үшін маңызы зор. Осы айтулы күнмен сіздерді құттықтай отырып, еңбектеріңізге жеміс, еліміздің ертеңі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін ,- деді Н.Исмагулов.

Құттықтау сөзінен кейін кадр саясаты басқармасы министрлікпен департамент бастығының бұйрығынан үзінді оқып, марапаттар табысталды.

Департамент бастығының қолынан ішкі істер министрінің бұйрығымен 3 қызметкер министрліктің құрмет грамотасын алса, министрліктің грамотасымен 7, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен 5 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар 6 қызметкерге “Ішкі істер органдарының үздігі” кеуде белгісі беріліп, 7 қызметкер ішкі істер министрлігінің алғысхатымен, 7 қызметкерге алғыс жарияланса, бағы жанған 6 қызметкер уақытынан бұрын арнайы шендерге ие болды.

Сондай-ақ салтанатты іс-шара барысында полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Н.Исмагуловтың бұйрығымен 44 қызметкерге грамота, 36 тәртіп сақшысына алғысхат берілсе, 30 қызметкерге алғыс жарияланды.

Сонымен бірге 13 ардагер ҚР ІІМ нышаны бар қол сағатпен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру