БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күнін атап өтті
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады. ҚАЖД мерекелік іс-шарасы Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда өтті.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Кеңес мүшелері, ардагерлер, зейнеткерлер және ҚАЖ қызметкерлері қатысты.
Қызметкерлерді бірінші болып Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Ізтілеуов құттықтады.
ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен мінсіз қызметі үшін, сондай-ақ Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай ҚАЖ Департаменті мен ведомстволық бағынысты бөлімшелердің қызметкерлері “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі” медалімен Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Лайла Ахметқалиева, “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінің өзіндік қауіпсіздігі тобының жедел уәкілі Эльдар Мубараков марапатталды, Батыс қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РУ-170/2 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ерлан Айберстиев Құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ерекше көзге түскен ҚАЖ органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне ІІМ және ҚАЖК төрағасының Құрмет грамоталары табыс етілді.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Батыс Қазақстан облысы әкімінің атынан ардагерлерді, Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, құттықтау хаттарын табыс етті.
Облыс әкімінің орынбасары қызметкерлерге қызметі үшін алғысын білдіріп, басты мемлекеттік мереке қарсаңында әрбір маманның еңбегін бағалау маңызды екенін атап өтті. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне ауыр және жауапты қызметте тұрақтылық пен табыс тіледі.
– Бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің символы болып саналады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырды, тәуелсіздік жылдары біз әлемдік тануға және үлкен прогреске қол жеткіздік. Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілеймін! Сіздің үйіңізде әрдайым бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын, – деп салтанатты іс-шараны Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Изтлеуов құттықтау сөзімен аяқтады.