Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да сотталғандар арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді

БҚО-да сотталғандар арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің РУ-170/3 мекемесінде Наурыз мейрамына орай сотталғандар арасында “Білімдіге дүние жарық” тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтті.

БҚО бойынша Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырмасына сай “Аманат-Жайық” қоғамдық қордың ұйымдастыруымен өткен білім сайысына экстремизм мен терроризм бабы бойынша жазасын өтеуші 20 сотталған төрт топқа бөлініп, өзара білімдерін сынады. Акт залдың лэд экранына бес тақырып берілді. Олар: “Діни сұрақтар”, “Салт-дәстүр”, “Қазақ ағартушылары”, “Ақида” және “Қазақстан тарихы” деп аталды.

Әр ұяшықты 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлары болды. Сотталғандардың жауап беруіне байланысты тиесілі ұпайды еншілеп отырды. Сайыс нәтижесінде, ең көп ұпай жинаған “Рамазан” тобы І-ші орын алса, “Аманат” тобы мен “Жаңақала” ІІ мен ІІІ-ші орынды еншіледі. Ал “Жеңіс” тобы ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хатқа ие болды.

Жарыс өте қызық да тартысты өтті. Дін ұстанушы сотталған азаматтарға қазылық еткен оларға күнделікті дәріс беріп жүрген ұстаздар болды. Сотталғандарға “Ақниет” ҚҚ теологы Ізбасар Мақсотов, “Аманат-жайық” ҚҚ теологы Бағдат Адайхан және Орал облыстық мешіт наиб имамы Ерденбек Ихсановтар бағасын берді.

Жарысқа қатысушылар Наурыз мейрамы қарсаңында өткен көңілді білім сайысына шынайы алғыстарын білдіріп, осындай діни зияткерлік білім сайысын жиі-жиі ұйымдастырылуын сұрады. Барлық қатысуышарға мақтау қағазы мен сыйлықтар берілді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру