Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері үй малын қараусыз жібермеуді сұрайды

Түркістан облысының полицейлері үй малын қараусыз жібермеуді сұрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында тәртіп сақшыларымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түрлі шаралар іске асырылуда. Оның ішінде үй малдарының қатысуымен орын алатын жол апаттарын болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Мәселен, Түркістан облысы ПД-нің патрульдік полиция батальоны бастығы Қанат Рақышев бастаған тәртіп сақшылары республикалық, облыстық маңызы бар жолдарда қараусыз жайылып жүрген малдарды айдап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кей сәттері көліктер жолына шығып кеткен үй малдары жол апатына себепкер болады. Мұндай жағдайда көлік иесі жарақат алады, оның жеке мүлкіне зақым келеді. Ең ауыры және өкініштісі өзгенің қателігінен өмірімен қоштасып та жатады.

Осы тұста полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмауға кеңес береді. Сонымен қатар, облыс тұрғындарына малды қараусыз жібермеуді ескертеді.

Атап өтер жайт, иесіз жүрген мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру