Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық жігіт мас күйде көлік ұрлап, адам өліміне әкелген жол апатын жасады

Алматылық жігіт мас күйде көлік ұрлап, адам өліміне әкелген жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Хмельницкий мен Гете көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser Prado мен Jeep Grand Cherokee соқтығысқан.

– “102” пультіне Toyota Land Cruiser Prado көлігінің ұрланғаны туралы ақпарат келіп түсті. Көліктің иесі көліктің Сейфуллин даңғылының бойында тұрғанын хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 20 жастағы А.есімді шаһар тұрғыны болып шықты. Камералардан ұрланған көліктің үлкен жылдамдықпен қозғалғандығы анық көрінеді. Апат салдарынан Grand Cherokee көлігінің 19 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмды, ал жүргізуші әлі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Toyotа жүргізушісі жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кетті. Анықталғандай, ол мас болған, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық әрекетті құжаттандыру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс бірден Қылмыстық кодекстің үш бабы ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 347-бабы және ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айтпақшы, ұсталған азамат бұрын екі рет сотты болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру