Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері ІІМ ардагерін 80 жас мерейтойымен құттықтады

Алматы қаласының полиция департаменті ІІМ ардагерін 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты шара Алматы полиция департаментінің мұражайында өтті.

Аты аңызға айналған тергеуші Василий Побияхоға ішкі істер органдарының ардагерлері мен Алматы полициясының қызметкерлері құрмет көрсетті.

Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша ақсақалға шапан жауып, “ІІМ-нің құрметті ардагері” төсбелгісі, полиция департаменті бастығы мен Алматы ардагерлері кеңесінің атынан грамоталар табыс етілді.

Кездесу жылы, достық жағдайда өтті. Ардагер-тергеушілер Василий Побияхомен бірге жұмыс істеген кездегі естеліктерімен бөлісті. Ол ПД мұражайына өзінің 2 томдық “Важняк” кітабын сыйға тартты.

Сонымен қатар мерекелік шара қонақтары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру