Ақмола ҚАЖ ардагерлері мен қызметкерлері арасында зияткерлік ойын өтті
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысының ҚАЖ департаментінде ардагерлер мен қызметкерлер арасында зияткерлік жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қазақстан – қалыптасу тарихы» тақырыбына арналған «Не? Қайда? Қашан?» ойынында Қазақстаннан тыс жерлердегі ардагерлер де қуана қатысты.
«Білгіштер» командасы бес адамнан құралды – ҚАЖД мекемелерінен төрт адам және аппараттан – бір өкіл. Олар 10 ардагермен жарысты.
Тәжірибелі ойыншы-ардагерлер баяндаған тақырыптық сұрақтар «білгіштерді» тұйыққа тіреді. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихы туралы сұрақтар қызметкерлер командасына оңай берілді, ал қазақ халқының ұмытылған дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары әлдеқайда күрделі түсті. Осындай сұрақтардың бірі Ростов на Донудағы Любовь Рубежанская жіберді, ойын ережелеріне сәйкес – «сыйлық Ресейге кетеді». Ойыншылармен байланысқа Нұр-Сұлтан, Атбасар, Көкшетау мен Алматы қалаларының ардагерлері шықты.
Ойын алаңы, музыкалық сүйемелдеу, тіпті интеллектуалды шоудың символы – «үкі» теледидар ойынындағы түпнұсқадан ерекшеленбеді.
Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша жеңіс тәжірибелі «телекөрермендерге» бұйырды.