Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола ҚАЖ ардагерлері мен қызметкерлері арасында зияткерлік ойын өтті

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысының ҚАЖ департаментінде ардагерлер мен қызметкерлер арасында зияткерлік жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қазақстан – қалыптасу тарихы” тақырыбына арналған “Не? Қайда? Қашан?” ойынында Қазақстаннан тыс жерлердегі ардагерлер де қуана қатысты.

“Білгіштер” командасы бес адамнан құралды – ҚАЖД мекемелерінен төрт адам және аппараттан – бір өкіл. Олар 10 ардагермен жарысты.

Тәжірибелі ойыншы-ардагерлер баяндаған тақырыптық сұрақтар “білгіштерді” тұйыққа тіреді. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихы туралы сұрақтар қызметкерлер командасына оңай берілді, ал қазақ халқының ұмытылған дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары әлдеқайда күрделі түсті. Осындай сұрақтардың бірі Ростов на Донудағы Любовь Рубежанская жіберді, ойын ережелеріне сәйкес – “сыйлық Ресейге кетеді”. Ойыншылармен байланысқа Нұр-Сұлтан, Атбасар, Көкшетау мен Алматы қалаларының ардагерлері шықты.

Ойын алаңы, музыкалық сүйемелдеу, тіпті интеллектуалды шоудың символы – “үкі” теледидар ойынындағы түпнұсқадан ерекшеленбеді.

Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша жеңіс тәжірибелі “телекөрермендерге” бұйырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру