Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда түнгі клуб алдында болған төбелес видеоға түсіп қалған

Атырауда түнгі клуб алдында болған төбелес видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Авангард-2 мөлтек ауданында орналасқан түнгі клуб алдында белгісіз екі азаматтың өзара төбелесіп жүргенін байқап, патрульдік полиция қызметкерлерін бағыттаған.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық орында төбелес шығарған 26 және 27 жастағы екі азаматты анықтады. Медициналық куәландырудың нәтижесімен олардың «жеңіл дәрежелі» мас күйде екендігі белгілі болды.

Екі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру