Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкендегі терминалдан ақша ұрлаған қарағандылық ұсталды

Дүкендегі терминалдан ақша ұрлаған қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Желтоқсанның 19-ы күні Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөліміне сауда ұйымының 32 жастағы өкілі арызданған. Белгісіз біреу құлыпты бұзып, дүкенге кіріп, терминалдағы 138 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты.

Желтоқсанның 23-і күні криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті – 30 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру