Алматы академиясында Қоғам қайраткері Рүстем Қайдаров атындағы аудитория ашылды
Бүгін Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында Ішкі істер министрлігінің Еңбек сіңірген қызметкері, мемлекет және қоғам қайраткері, Генералдар кеңесінің бірінші төрағасы Рүстем Қайдаров атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оған академия бастығы А. Сайтбеков, академия оқытушылары және Рустем Есімханұлының жұбайы Айман Қайдарова мен Генералдар кеңесінің және академияның ардагерлер кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысты.
Аудиторияның төрінде Рүстем Есімханұлының өмір жолына арналған стенд экспозициясы орнатылған.
Экспозиция 4 бөлімнен тұрады:
1-бөлімінде генерал Қайдаровтың ішкі істер саласында қарапайым тергеушіден Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына дейінгі еңбек жолы;
2-бөлімінде мемлекеттік және ведомставолық марапаттары туралы мағлұматтар;
3-бөлімінде мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және ІІО ардагерлерінің генерал Қайдаров туралы естелік сөздері;
4-бөлімде генерал Қайдаровтың Генералдар кеңесінің президиумы төрағасы ретіндегі қоғамдық қызметі және отбасының суреттері.
Рүстем Есімханұлы Ішкі істер органдарының қалыптасуына көп күш-жігер жұмсады, оның ішінде Алматы академиясының көркеюіне де көп үлес қосты.
Аудиторияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген академия бастығының кеңесшісі Талап Қабденов, Рустем Есімханұлының жұбайы Аймен Қайдарова және басқалар аңызға айналған тұлғаның өмірінен естеліктер айтып, ерлік жолдарына тоқталды. Ал академия бастығы Айдар Сайтбеков Рустем Қайдаровтың өмір жолы бүгінгі ұрпаққа өнеге екенін айта келіп, болашақ полиция қызметкерлерін даярлайтын академия қабырғасында оның атындағы аудиторияның ашылуы үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.