Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облыстық ПД еріктілер мен журналистерге заманауи жабдықтарды таныстырды

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы ҮЕҰ-мен, өңірдің еріктілерімен және журналистермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қонақтар полиция департаментінің мұражайына шақырылып, оларға Қазақстан полициясының тарихы мен қалыптасуын баяндайтын экспонаттарға шолу экскурсиясы өткізілді.

Қатысушыларға қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу және келіп түскен өтініштерге уақытылы ден қою үшін пайдаланылатын қазіргі заманауи жабдықтарды таныстырды.

Нұрлан Мәсімов жедел басқару орталығының залында жол-көлік оқиғалары мен қоғамдық қауіпсіздік құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ цифрландыру және материалдық-техникалық базаны жаңарту арқылы полиция жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

– Жол қауіпсіздігі мәселелеріндегі тиімділікті арттыру мақсатында ағымдағы жылы автожолдарға 1300 тексеру жүргізілді, оның барысында 4489 ақау анықталды. Бұдан басқа, “Reedspeed” ЖҚЕ бұзушылықтарын стационарлық тіркеу жүйесінің он бекетінде “Оракул” жүйесін жаңарту жүргізілді. 2021 жылы біз жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты режимде тіркеуге, сондай-ақ қолда бар ақпараттық базалар бойынша автокөліктер мен жүргізушілерді тексеруге мүмкіндік беретін “Кибер-Шериф” 2 борттық аппараттық – бағдарламалық кешенін сатып алдық, – деді Нұрлан Мәсімов.

Полиция осы қабылданған шаралардың нәтижесінде ЖКО саны 20%-ға төмендегенін атап өтті.

Қатысушыларға жедел басқару орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді, онда облыс бойынша құқық бұзушылықтың 117-сі бейнебақылау камерасы арқылы және 274-і қалалар мен аудан орталықтарының кезекші бөлімдерінде анықталғаны айтылды. Бұдан басқа, білім беру ұйымдарында, тұрғын үйлер мен ұйымдарда орналасқан 8 мыңнан астам бейнебақылау камераларына онлайн қолжетімділік бар.

Айта кету керек, бейнебақылау камералары тергеу амалдары жүргізіліп жатқан полиция бөлімшелері тергеушілерінің барлық кабинеттерінде де орнатылған. Тәулік бойы тіркеледі. Бұл полиция жұмысының ашықтығын көрсетеді, заңсыз жұмыс әдістері мен сыбайлас жемқорлық фактілерін, сондай-ақ басқа да түрлі құқық бұзушылықтарды жоюға және болдырмауға мүмкіндік береді.

“Қазақтелеком” АҚ-мен бірлесіп әзірленген “Кілем жабыны” жаңа бағдарламасын енгізу тақырыбы да қозғалды. Осы бағдарлама аясында 5,5 мыңнан астам камераны қамтитын бейнебақылау жүйесін енгізу жоспарланған.

– Қазіргі уақытта біз халықпен тұрақты және нәтижелі өзара іс-қимылды жолға қою үшін үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін Ішкі істер министрлігі “102” мобильді қосымшасын әзірледі, оның көмегімен қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты полицияға жіберу ыңғайлы. Мұндай жаңашылдық халық арасында үлкен танымалдыққа ие, – деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің басшысы.

Полицияның жасалған қылмыстар туралы тиімді әрекет етуі үшін маңызды қадам – қоғамдық орындарда шұғыл көмекке шақыру құрылғылары – “SOS батырмаларын” орнату. Осындай тоғыз құрылғы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ Железин, Шарбақты және Тереңкөл аудандарында орнатылды.

– Жұмысты жаңғырту және техникалық базаны үнемі жаңартып отырудың арқасында біз бірыңғай нәтижеге өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған үйлесімді жұмысты жүзеге асыра алатынымызды атап өткім келеді, – деді Нұрлан Мәсімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру