Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдерді қорғайтын түркістандық полицейлер арнайы тренингтерге қатысты

Әйелдерді қорғайтын түркістандық полицейлер арнайы тренингтерге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері тікелей осы салаға қатысты мекемелермен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасына бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлады. Оның ішінде “Өз жақындарына қатысты зорлық-зомбылық көрсеткен агрессор ерлермен Халықаралық стандарттар, тәжірибелер бойынша жұмыс тәжірибесін талдау” және “Отбасында-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен қыздарға арналған MeeToo мобильді қосымшасын пайдалану және Түркістан облысының 17 ауданында мобильді қосымшаны одан әрі тарату” бойынша тренинг және дөңгелек үстел өткізу қолға алынған болатын.

Аталмыш іс-шараларды бірлесіп өткізу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлінісі инспекторларының қатысуымен тренинг пен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты – жоба аясында тегін заңгерлік және психологиялық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша “Әйелдер құқығы-бұл адам құқығы” жазғы мектебін өткізу, агрессор ерлерге арналған психологиялық оңалту бағдарламасын көрсету, Түркістан облысы бойынша ауқымды ақпараттық науқан өткізу.

Тренинг – практикалық дайындықтың әртүрлі формаларын біріктіреді: теориялық хабарламалар, топтық сабақтар, ми шабуылы, контекстегі жағдайды ойнау. Аталған тренингке Түркістан облысы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Соңында ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта қарқынды қызмет атқаратындарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру