Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда еріктілер мен қоғам белсенділері марапатталды

Павлодарда еріктілер мен қоғам белсенділері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының Полиция департаментінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу ісінде полицияға күнделікті көмек көрсететін еріктілер мен қоғам белсенділерінің жиыны өтті.

– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарға бей-жай қарамайтын азаматтар, еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері өз үлестерін қосуда. Олар – ешкімнен ештеңе күтпей жақсылық жасайтын адамдар. Бүгінде оларсыз қоғамдық өмір мүмкін емес. Ол үшін біздің айналамызда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамау жеткілікті. Сіздердің еңбектеріңіз үшін үлкен рақмет, – деді облыстық Полиция ведомствосының басшысы Нұрлан Мәсімов.

Облыстық департамент бастығы Нұрлан Мәсімов құттықтау сөзінде бүгінгі күні еріктілердің кім екенін білмейтін және олармен ешқашан кездеспеген адамды кездестіру екіталай екенін атап өтті. Өңірде еріктілер қозғалысы дәстүрлі түрде дамып келеді. Полицияның бірде-бір шарасы олардың қатысуынсыз өтпейді. Сонымен қатар, соңғы уақытта еріктілер мен қоғам белсенділері әлеуметтік қауіпті тәуелділіктің алдын алу бағытында белсенді жұмыс істеуде. Олардың осы саладағы жұмысы тиімді, өйткені ауыр жағдайларға тап болып, бақытсыздыққа ұшырап жататын жастарға құрдастарынан үлгі алу – оңайырақ.

Департамент грамотасымен және бағалы сыйлықпен бірқатар қоғамдық қорлар, жастар ұйымдары, ЖШС, таксопарктер, ПКСК төрағалары және бағбандық аталып өтілді.

– Біреуге көмегің тиген кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу – қиын. Бұл – көңіл-күй немесе қуанып, қанағаттану да емес, бұл – сіздің тұла бойыңызға таралатын жылулық. Сен өзіңнің қарапайым іс-әрекетіңмен адам өмірін әлдеқайда жақсартқаныңды түсінесің. Ол да бұдан кейін өмірге деген өз көзқарасын өзгертуі мүмкін, – деді “Күзет – Павлодар” ЖШС директоры Владимир Качурин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру