Түркістан полицейлері мас халде ЖКО жасаған күдіктіні анықтады
Түркістан полицейлері мас халде ЖКО жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түсті. Онда Екпінді-Бірлік тасжолының 417 шақырымында Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісі Niva көлігімен соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасағаны көрсетілген. Адам шығыны жоқ.
Полиция қызметкерлері хабарды алысымен бірден жолға шығып, оқиға орнына жедел жетті. Тәртіп сақшылары күдікті азаматты оқиға орнынан ұстап, ПБ-ға жеткізді.
Полицейлер көлік иесінің мас халде болуына күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес, жүргізушінің мас күйі расталды.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Сондай-ақ созақтық сақшылар қарсы бағытқа шығып, жол ережесін өрескел бұзып келе жатқан Chevrolet көлігін байқап, тоқтатты. Полиция қызметкерлері жүргізушінің көлікті мас халде басқарғанына күдіктенді. Осылайша медициналық сараптама тағайындап, қорытындысына сәйкес күдікті азаматтың автокөлік құралын спирттік ішімдік ішіп басқарғаны белгілі болды.
Полицейлер көлік жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша хаттама толтырды. Мысалы, 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) және 606-бабымен (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы).
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары аталған жайттарға байланысты жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау мақсатында Созақ аудандық сотына жолдады.