Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да тәртіп сақшылары, пробация қызметкерлері мен еріктілер рейдтік жұмыстар жүргізуде

БҚО-да тәртіп сақшылары, пробация қызметкерлері мен еріктілер рейдтік жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздегі төтенше жағдайға орай Казталов аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Казталов аудандық полиция бөлімі, Казталов аудандық пробация қызметінің бірлесуімен коменданттық сағатты бұзған жастарға және аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқық қорғау органдарының өкілдерімен қоса, Жастар ресурстық орталығы тарапынан еріктілер, әр саладағы мамандар, спортшылар «Халық жасақшылары» ретінде бірлесіп қызмет атқарды.

– Өңіріміздегі тыныштықты, татулықты, бірлікті сақтау мақсатында 23:00-ден 07:00-ге дейін уақыт аралығында коменданттық сағатты толық және қатаң сақтауларыңызды сұраймыз, – деді БҚО бойынша ҚАЖ департаментінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру