Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицияға 3,5 мың адам жеткізілді

Шымкентте полицияға 3,5 мың адам жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 520 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 271-і қамауға алынып, 40-на айыппұл салынды және 55 азаматқа ескерту берілді.

Қала шекараларында орнатылған блок-посттарда 14 мыңнан астам автокөлік тексеріліп, тоғыз адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде екі газ тапаншасы тәркіленді.

Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша 73 адам қамауға алынды.

Қала аумағында коменданттық сағат жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілді, қаладағы қоғамдық саяси жағдай тұрақты бақылауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру