Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада екі сотталған наубайханада жұмыс жасайды

Қызылордада екі сотталған наубайханада жұмыс жасайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылған. Екі сотталған РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының наубайханасында жұмыс жасайды.

Наубайхана нан пісіруге қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Аядай ғана ғимаратта тәулігіне 500-ден астам бөлке нан пісіріледі. Наубайханадан шыққан нан өнімдері Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/4, толықтай қамтып отыр.

– «Ас атасы – нан» демекші нанды пісіру оңай емес, осы мекемеге келгеніме екі жылға жуықтады. Абайсызда жол-көлік оқиғасын жасап, сот үкімімен бес жылға сотты болдым. Өкінішім де жоқ емес, – деді сотталғанның бірі.

Берік есімді сотталған нан пісіретін жабдықтардың тілін жатқа меңгерген. Температурасын белгілеп, нанның піскен, піспегенін бір көзқараспен-ақ ұғады.

– Нан пісіруді бір кісідей меңгеріп алдым. Бостандықта жүргенімде ас пісіргенді ұнататын едім, нан пісіретін наубайшы қажет екендігін естігенімде ойланбастан келістім. Ай сайын жалақымды уақытылы алып тұрмын. Мемлекет алдындағы қарызымды өтеп, артылғанын отбасыма да жіберіп отырмын. Елімізде болған жағдайға мен де алаңдап отырмын.Төтенше жағдай режимі енгізілгенімен нан цехындағы жұмысымыз үздіксіз жүріп жатыр, – дейді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру