Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері Алматыда дүкен тонаған күдіктіні блок-бекетте ұстады

Түркістан полицейлері Алматыда дүкен тонаған күдіктіні блок-бекетте ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келестік полицейлер Амангелді ауылына қойылған бақылап-өткізу бекетінде Lada-21705 көлігінен күдік келтіретін қолданысқа енбеген, жаңа техникалық құрылғыны тапты. Осылайша Infinix ұялы телефоны тәркіленіп алынды.

Белгілі болғандай, күдікке ілінген жүргізуші Алматы қаласында орын алған қақтығыс кезінде тұрмыстық техника сататын дүкеннің терезелері сынғанын пайдаланып, 5 қаңтарда сағат 18:00 шамасында теріс ойын іске асырған. Яғни, қараусыз қалған дүкеннен ұялы телефонды алып кеткен.

Аталған қылмыс ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша тіркелді. Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде. Күдікті Келес АПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру