Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мекемеге бірнеше телефон мен sim-карталар өткізбек болған ер адам ұсталды

СҚО-да мекемеге бірнеше телефон мен sim-карталар өткізбек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және ведомстволық бағынысты мекемелері тұрақты негізде мекемелердің аумағына тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу бойынша жедел алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері мақсатты жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде “ЕС-164/3 мекемесі” РММ аумағына кірген көліктің кабинасын тексеру кезінде үш ұялы телефон мен екі sim-карта табылып, тәркіленді. Олар осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға арналған екені анықталды.

Әрі қарай жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде көлік жүргізушісі мекеме аумағына ұялы телефондар кіргізу ниетін мойындап, өз еркімен тағы бір телефон мен екі sim-картаны берді.

Ұялы телефондар белгілі бір ақшалай сыйақы үшін СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің аумағына әкелуге арналған екені белгілі болды.

Аталған факті бойынша азамат ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Телефондар, sim-карталар, ақшалай қаражаттар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру