Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ТЖ кезінде алкогольді заңсыз сатудың 2 фактісін анықтады

Ақмола полицейлері ТЖ кезінде алкогольді заңсыз сатудың екі фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында ТЖ режимі кезінде спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынды, дегенмен полицейлер бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда.

13 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Бұланды АПБ қызметкерлері құрамында спирті бар өнімдерді тиісті лицензиясыз өткізудің екі фактісін анықтады.

Атап айтқанда, дүкендердің бірінен сыйымдылығы бес литр болатын, құрамында спирт бар 82 пластик ыдыс табылды. Жалпы көлемі 410 литр тәркіленді. Сауда нүктесінің иесі ҚР ӘҚБтК 282-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың бірінің жеке үйінде спирті бар 55 пластик ыдыс табылды, 275 литр контрафактілік алкоголь тәркіленді. Аталған факті ҚР ӘҚБтК 463-баптың 1-бөлігінің 5-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Барлық алынған өнімдер сараптамаға жіберілді.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-бөлігі 5-тармағы бойынша әкімшілік жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру