Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қызмет адамдары" жобасы: адам өміріне араша түскен полицейлер

Ақмола облысының полиция департаментінде ең қиын сәттерде адамдардың жанынан табылып, оларға көмек қолын созған қызметкерлер туралы баяндайтын "Қызмет адамдары" жобасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жобаның алғашқы кейіпкері – патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Ермек Самархан.

2025 жылдың тамызында Ермек Самархан өзінің әріптесі Нұрдәулет Оралбайұлымен бірге өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам туралы хабарлама алды. Бұл оқиға Бурабай ауданы Кенесары ауылының маңында болған.

Оқиға орнына Ермек Самархан мен Нұрдәулет Оралбай шұғыл жетіп, ер адамды іздеуге кірісті. Ер адам Астана – Петропавл автожолынан 500 метр қашықтықта, даладан табылды. Жағдайы ауыр және көп қан жоғалтқан. Полиция қызметкері дереу алғашқы көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатты. Ермек пен Нұрдәулет жәбірленушіні қызметтік көлікке отырғызып, жедел жәрдем бригадасына қарай аттанды. Ер адам дәрігерлерге тапсырылғаннан кейін де патрульшілер жедел жәрдемді ауруханаға дейін ілестіріп апарды. Олардың жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында адам өмірі аман қалды.

Ермек Самархан ішкі істер органдарындағы қызметіне 13 жылға жуық уақытын арнады. 2013 жылдан бастап полиция қатарында қызмет етеді, көбінесе патрульде жұмыс істейді, жолдарда тәртіпті қамтамасыз етеді және жолдағы қиындықтарға тап болған жүргізушілер мен жолаушыларға бірінші болып көмекке жетеді.

Қызмет еткен жылдары Ермек Самархан адамдарға бірнеше рет көмектескен. Өрт кезінде азаматтарды құтқаруға қатысты, трассаларда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмектесті, қатты боран жағдайында көлікті ілестіріп жүрді. Ол үшін қызмет-бұл құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар кез-келген уақытта мұқтаж адамдарға көмекке келуге дайын болу.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру