Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-дағы түзеу мекемелеріне 2 мыңнан астам бейнекамера орнатылған

СҚО-дағы түзеу мекемелеріне 2 мыңнан астам бейнекамера орнатылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында құқық қорғау жүйесін дамыту шеңберінде пенитенциарлық мекемелерде үздіксіз бейнебақылау енгізуді тапсырды, сондай-ақ халықаралық практиканы қолдана отырып, жұмыстың озық әдістерін енгізу қажеттігін атап өтті.

Қазіргі уақытта СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде 2074 бірлік үздіксіз бейнебақылау камерасы орнатылған.

2023 жылы бейнебақылау камералары арқылы 4043 бұзушылық тіркелді. Оның 4023-і – сотталғандардың ұстау режимін бұзу фактілері (оқшаулауды, киім нысанын, жазаны өтеу тәртібін бұзу, қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбау), бір тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әкелуге әрекет жасау фактісі, бейнекамера линзаларын қасақана істен шығарудың 4 фактісі және жабудың 15 фактісі тіркелген.

Ал осы жылдың басынан бері сотталғандардың ұстау режимін бұзуға қатысты 856 факті тіркелді.

Мекемелердің кіру топтарында сотталғандардың және мекемелердің қызметкерлерінің тұлғаларын, автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тани алатын бейнебақылау камералары бар. Сондай-ақ мекемелердің барлық периметрі бойынша негізгі қоршау арқылы басып кірген немесе қашқан жағдайда бейнебақылау бекетінің операторына дабыл сигналын беретін бейнекамералар орнатылған.

Барлық бейнебақылау камераларында линзаның қабаттасуын талдау және “желіден тыс” жүйесі енгізілген. Яғни егер бейнекамера бүлінген немесе қандай да бір затпен жабылған болса, бұл туралы дабыл сигналы оператордың қашықтан басқару пультіне экранға шығарылады.

Сонымен қатар үздіксіз бейнебақылау қызметкерлер тарапынан сотталғандарға қатысты және керісінше заңсыз әрекеттер фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Жоба азаптаудың, басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекет түрлерінің алдын алуға бағытталған.

Айта кету керек, бейнебақылау арқылы бақылау нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру