Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арқалық полицейлері ТЖ кезінде көмек көрсеткен ұйымдарға алғыс айтты

​Арқалық қаласының полиция бөлімінде төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшыларына көмек көрсеткен ұйымдардың еңбектері атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған кезеңде Арқалық қаласының мешіті блок-бекеттерге азық-түлік жеткізсе, “Охотзоопром” өндірістік бірлестігі полицейлерді жүк көліктерімен қамтамасыз еткен еді.

Арқалық қаласының полиция бөлімі бастығы Нұрбол Сәден осы қиын уақытта қол ұшын созғандардың барлығына алғыс хаттарын табыс етті.

– Жеке құрам атынан полиция қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен көрсеткен көмектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін, – деді Нұрбол Сәден.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру