Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда бірінші сынып оқушылары үшін "Жаяу жүргіншіге арнау" акциясы өткізілді

Қостанай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласы полиция басқармасының профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы және патрульдік полиция батальонымен бірлесіп, бірінші сынып оқушылары арасында жол қауіпсіздігіне арналған профилактикалық акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу.

Акция аясында жас жол инспекторлары мектеп оқушылары алдында сөз сөйлеп, жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсінікті тілде айтып берді. Балаларға жол белгілерінің маңызы, бағдаршам сигналдары және жолдың жүру бөлігін кесіп өту ережелері түсіндірілді.

Қараңғы уақытта жарық қайтарғыш элементтерді пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында оқушыларға жол жүрісі ережелеріне арналған бояу кітапшалары мен жарық қайтарғыш жапсырмалар табысталды. Олар балалардың жолдағы жүргізушілерге барынша анық көрінуіне мүмкіндік береді.

Полиция ата-аналарды балаларға жол жүрісі ережелерін үнемі ескертіп отыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру