Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдағы қауіпсіздік – бала өмірінің басты қағидасы

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері №53 мектептің бірінші сынып оқушыларын "Жас жаяу жүргінші" қатарына қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Танымдық шараға 150 бүлдіршін қатысып, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша алғашқы маңызды білімдерін ойын түрінде меңгерді.

Іс-шара барысында әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Асылай Губашева, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Мөлдір Утепова және жас жол инспекторлары балаларға жолды қауіпсіз кесіп өту, бағдаршам сигналдарын сақтау және жаяу жүргіншілерге қойылатын негізгі талаптарды түсіндірді.

Балалар үшін арнайы ұйымдастырылған ойындар барысында жол қауіпсіздігі ережелері қызықты әрі түсінікті түрде жеткізілді. Сондай-ақ бүлдіршіндер патрульдік полиция қызметкерлерінің арнайы құрал-жабдықтарымен танысып, тәртіп сақшыларының қызметіне қызығушылық танытты.

Белсенділік танытқан оқушыларға сыйлықтар табысталды.

Шара соңында әр балаға жарық шағылыстырғыш лента беріліп, оның жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық іс-шаралардың балалардың жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру