Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоқысты заңсыз төккендер дрон арқылы анықталып жатыр

Ақтөбеде бір апта ішінде ірі көлемдегі қоқысты заңсыз төгуге қатысты 30-ға жуық дерек анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру қағидаларының орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу полицияның басты назарында.

Соңғы бір апта ішінде полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарға қоқыс тастаудың 30-ға жуық дерегін анықтады.

Құқық бұзушылықтарды анықтау барысында полицейлер заманауи техникалық құралдарды, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануда. Бұл технологиялар аумақтарды әуеден бақылауға, абаттандыру қағидаларының бұзылуын тіркеуге және құқық бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Анықталған деректер бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция құрылыс қалдықтарын, ескі жиһаздарды және өзге де ірі көлемді қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастау санитарлық талаптарды бұзатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру