Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер өткен жылы 37 мың шақырым жолға тексеріс жүргізді

Ақтөбелік полицейлер өткен жылы 37 мың шақырым жолға тексеріс жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңірдегі жолдарда жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында Ақтөбе облысы ПД тұрақты негізде жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға, оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға тексеріс жұмыстарын жүргізеді.

Ақтөбе облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9379,6,1 км құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 1885,8 км; жергілікті маңызы бар – 4971,3 км және елді мекендердің көше-жол желісі – 2441,5 км.

2021 жылдың 12 айында жол және техникалық инспекция қызметкерлері 37 490 км жолды қамти отырып, елді мекендердің автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына және көше-жол желісіне 2025 тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 1778 ұйғарым берілді. 267 лауазымды тұлға түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 124 теміржол өткелін тексерді. Мынадай ақуалдар анықталды: қажетті жол белгілерінің болмауы, жарықтандырудың дұрыс еместігі, жолдың сапасыз салынуы. Темір жол өтпелеріне немқұрайдылықпен қарағаны үшін 44 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 6 млн. теңгеден асады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру