Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ұрлық жасаған 48 жастағы әйел ұсталды

Қарағанды облысында ұрлық жасаған 48 жастағы әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтар күні Абай аудандық Полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөліміне 48 жастағы әйел шағымданған. Үйінен шығарда кілт салуды ұмытып кеткенін пайдаланған белгісіз біреу үйіне кіріп, теледидар, блендер және киімдерін ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 482 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы әйел ұсталды. Оның Қарағанды қаласының тұрғыны екені белгілі болды.
Күдікті қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру