Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандардың туыстары сәлемдемелерді онлайн режимінде жібере алады

Сотталғандардың туыстары сәлемдемелерді онлайн режимінде жібере алады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік шектеулер кезеңінде қазақстандықтар сәлемдемелерді онлайн жібереді, олар тапсырысты ресімдейді, қажетті тауарларды таңдайды және оларды Kaspi.kz банкінің электрондық қосымшасы арқылы төлейді.

Туыстар елдегі 46 пенитенциарлық мекемеге сәлемдеме жібере алады, олардың бесеуі сотталғандар мен тергеу-қамауына алынған адамдарға арналған электрондық терминалдармен жабдықталған. Толық ақпарат пен ұсынылған ассортиментті “Convex” электрондық дүкенінің ресми сайтынан табуға болады.

Бұл “Convex” ЖШС мен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлескен бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылы іске қосылды. Жобаны құру кезінде қолданыстағы заңнама, соның ішінде ҚАЖ мекемелерінде рұқсат етілген заттар мен азық-түлік тізбесі негізге алынды. Осылайша, азаматтар өнімді оның жарамдылығынан қорықпай таңдай алады.

Азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды жинауға дүкен тікелей жауап береді, бұл тыйым салынған заттарды алып кіруге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермейді.

Жаңа технологияларды режимдік объектілерде ұсталатындар да игереді. Бүгінгі таңда арнайы контингенттің ішінен 4 мыңнан астам сотталған және тергеу-қамауына алынғандар электрондық форматта сатып алуға көшті. Олар азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарға пенитенциарлық мекемелердің аумағында орналасқан электрондық терминалдар арқылы тапсырыс береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру