Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз табылды

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда әйел 16 жастағы қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.
Полиция қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Соның нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Шымкент қаласында тұратын әпкесінің үйінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды.

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз ата-анасынан қыдырып келуге рұқсат сұраған. Алайда ата-анасы қызын жібермеген. Сол себепті қалаға әпкесінің жанына кетіп қалған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру