Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандардың суреттері елордалық қарттар үйіне сыйға тартылды

Сотталғандардың суреттері елордалық қарттар үйіне сыйға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖК Нұр-Сұлтан қаласының қарттарына арналған пансионатқа 15 сурет пен үш қолөнер бұйымдарын тапсырды.

Қайырымдылық акциясын Алғыс айту күніне орай Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ұйымдастырды. Картиналар мен қолөнер бұйымдарын республикалық “Үміт” байқауы аясында бас бостандығынан айырылған сотталғандар дайындады.

Жыл сайынғы картиналар мен қолданбалы өнер конкурсы сотталғандар арасында салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қолдау, олардың эстетикалық қабылдауын және қоршаған қызметке тілектестік қарым-қатынасын тәрбиелеу үшін өткізіледі.

Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бастығы Бибігүл Мұңайтпасова қамаудағы адамдар салған “Шексіз таулар”, “Мөлдір көлдер” және “Кең қазақ далалары”, “Күміс ғасыр” қарттар үйінің қонақтарына жарқын естеліктер мен жан тыныштығын сыйлайды деп үміттенеді.

Өткен жылы “Үміт – 2021” байқауына барлығы 47 түрлі жұмыстармен 44 сотталған қатысты, оның 25-і – картина, тағы 22-сі – бұйымдар.

Жүлделі орындарға ие болған жұмыстар NFT аукционға қойылып, түскен қаражат мұқтаж балаларға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру