Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖК басшысы Алматы қаласы мен Алматы облысының колонияларына барды

ҚАЖК басшысы Алматы қаласы мен Алматы облысының колонияларына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібеков жұмыс сапарымен барды.

Іссапар барысында ҚАЖК төрағасы департамент басшылығымен бірлесіп ведомстволық бағынысты мекемелерді аралады.

Бірінші кезекте төраға Алматы қаласындағы қоныс-мекемесінде салынып жатқан модульдік ғимаратты қарап шықты. Жатақхана 372 сотталған адамға арналған, монша-кір жуу кешені мен асханасы бар. 

Сонымен қатар Теңізжан Жәнібеков Алматы қаласының тергеу изоляторына, Жауғашты кентіндегі әйелдер колониясына және Заречный кентінде орналасқан төрт мекемеге барды.

Сапар барысында әкімшілік ғимараттарды, режимдік корпустарды, медициналық бөлімді, сәлемдемелерді қабылдау бөлмелері мен ұзақ мерзімді кездесу бөлмелері және серуендеу аулалары мен өндірістік-шаруашылық аймақтарды аралады. Сондай-ақ мекемелердегі сотталғандардың тұрмыстық жағдайлары қаралды.

ҚАЖ комитетінің төрағасы режимдік басқару орталықтарының жұмысын тексеріп, мекемелерді бейнебақылау жүйелерімен толық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударды.

Ведомство басшысы жергілікті жерлерде сотталғандардың және тергеудегілердің туыстарымен сұхбаттасты. Сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жеке қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру