Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су басқан аудандардың тұрғындары құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін Қостанай полицейлеріне алғыс білдірді

Қостанай облысында су басқан аудандардың тұрғындары полицейлерге құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткені үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Су тасқыны басталғаннан бері облыста қоғамдық тәртіпті сақтауға мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Олар су басқан аумақтарда, жергілікті билік пен ТЖМ қызметкерлеріне су астында қалған үйлердің тұрғындарын хабардар ету және эвакуациялауға жәрдемдесуде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті тәулік бойы қорғауды жүзеге асырып келеді.

Жол-патрульдік қызметінің экипаждары жүргізушілерді ықтимал айналма жолдар туралы ескертіп, су басқан көшелерге қарай қозғалысты шектеп жатыр. Сонымен қатар жедел қызметтердің мамандандырылған көліктерінің өтуіне жәрдемдеседі.

– Полиция қызметкерлеріне олардың жұмысы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Олар тәулік бойы қызмет етіп, біздің үйлерді тонаушылардан қорғап отыр. Мүлікіміз аман қалып, құқық бұзушылардың қолына түспейді деп үміттенеміз, – дейді Колесные ряды ауданының тұрғындары.

Полицейлер және құтқарушылармен бірге су тасқынына қарсы күреске еріктілер мен қоғамдық көмекшілер де шықты. Жастар ұйымдарының белсенділері азаматтарды ақпараттандыруға және эвакуациялауға, сондай-ақ бөгеттер салуға көмектесіп жатыр.

Сонымен бірге олар ыстық тамақ пен сусын таратуды ұйымдастырып келеді. Бей-жай қарамайтын адамдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында су тасқынымен күрес жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні полицейлер мүліктің сақталуын қамтамасыз ете отырып, су басу орындарында жұмысын жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру