Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Екібастұзда отбасында зорлық-зомбылық көрген 297 әйел полицияға жүгінген

Биыл Екібастұз қалалық полициясына отбасы-тұрмыстық қатыныстар саласындағы заңсыз әрекеттер бойынша 297 әйел жүгінген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз отбасының бір мүшесінің екінші мүшесіне немесе бірге тұратын, бірге тұрған жақын туыстарына, бұрынғы күйеуіне, не бұрынғы әйеліне көрсеткен зорлық-зомбылық түрі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көбінесе отбасының ең қорғалмаған және осал мүшелеріне – балаларға, қарттарға және әйелдерге қолданылады. Физикалық, жыныстық, психологиялық немесе экономикалық зорлық-зомбылықтың әрекетінде немесе қауіпінде көрінеді.

Жыл басынан бері Екібастұз қаласының полициясына отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері бойынша 297 әйел жүгінсе, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 64 әйел жүгінген. Бұл әйелдердің көмекке белсенді түрде жүгіне бастағанын көрсетеді.

Полиция әрбір жәбірленушіге қорғау нұсқамасын шығарды, оның ішінде қорғау ережелерін бұзғаны үшін 38 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Мәселен қала тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның күйеуінің атына 30 тәулік мерзімге қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Оған жәбірленушіге қатысты қасақана құқыққа қайшы әрекеттер жасауға тыйым салынған болатын. Алайда 1 сәуірде ер адам тұрғылықты жері бойынша мас күйде отбасылық жанжал шығарып, дөрекі сөздер айтып, айқайлап сөйлеп, қорғаныс нұсқамасын бұзды. Ер адамға қатысты қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін материал сотқа жіберілді. Сот 10 тәулік мерзімге ер адамды әкімшілік қамауға алды, – дейді Екібастұз қаласы жергілікті полиция бастығының орынбасары Медет Бейсенов.

Полиция азаматтарды тәртіпті сақтауға, бірге тұратындардың мүдделері мен құқықтарын ескеруге, әрқайсымыздың айналамызда болып жатқан және аса ауыр қылмыстарға жол ашатын ұсақ бұзушылықтарға да төзбеушілікке шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру