Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да азаматтарды су тасқыны аймағынан эвакуациялау жалғасып жатыр

СҚО-да азаматтарды су тасқыны аймағынан эвакуациялау жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстанда үлкен су Петропавлға жақындап келеді. Қала маңындағы ауылдарда халықты эвакуациялау жүргізілуде. Облыс орталығынан небәрі 60 шақырым жерде орналасқан Семипалатное ауылындағы шеткі көшедегі 17 үйден адамдар шығарылды. Әкімдік қызметкерлері, полиция және ТЖ қызметкерлері, әскери қызметшілер адамдарға заттар мен малды құтқаруға көмектесті.

Эвакуация алдында халықпен жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицияның, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ қызметкерлерінің күштері мен құралдары алдын ала толық дайындыққа келтірілді, адамдарды, техника мен малды әкету үшін көлік бөлінді. Үлкен су басу қаупінің қарсаңында аудан әкімі Сақтаған Сәдуақасов қызметтердің су басудың алдындағы дайындығын тексерді.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барлық аулаларды аралап, адамдарға хабарламалар таратты, төтенше жағдай туындаған кездегі қауіп пен іс-қимыл тәртібін түсіндірді. Тәртіп сақшылары эвакуациялауға жататын адамдардың санын, сондай-ақ оның сақталуын қамтамасыз ету үшін әкетілетін мүлікті тіркеді.

Қазір сол қағида бойынша Приишим және Боголюбов ауылдарында халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта су Семипалатное ауылына жақындады. Полиция қызметкерлері тонау фактілерін болдырмау үшін патрульдеуді жүзеге асыруда. Қала маңындағы Бескөл кентінде эвакуация белсенді кезеңге өтті, онда су басу қаупі бар аймақтан 260 адам шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру