Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полициясы тұрғындарды 1,5 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысында полиция әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды 1,5 миллион теңгеге сан соқтырған күдікті әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 31 жастағы алматылық тұрғынды анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті әйел әлеуметтік желіде мүгедектікке шығарып беремін және үй кезегіне қоямын деп жалған жарнама жасаған. Яғни екі жергілікті тұрғынның сеніміне кіріп, олардан 1,5 миллион теңге ақшасын алып, хабар-ошарсыз кеткен.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, іс сотқа өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру