Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін полицейлер мен қоғам белсенділері Қырғызстаннан келген әріптестерімен талқылады

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін алматылық полицейлер мен қоғам белсенділері Қырғызстаннан келген әріптестерімен талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын жақсарту, сондай-ақ Қырғыз Республикасының ҮЕҰ және муниципалдық мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен тәжірибе алмасу аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

– Қырғыз Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңнаманың күрделі мәселелері сындарлы түрде талқыланды, Қырғызстанның ҮЕҰ мен полиция арасындағы өзара іс-қимылдың оң тәжірибесі зерттелді, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетудің тиімділігіне және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың күрделі мәселелері, сондай-ақ оларды шешу жолдарына баға берілді, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Анықтамалық ақпарат:
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, өзіңізді келесі жолдармен қорғай аласыз:
– дереу “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз:
– дағдарыс орталықтары одағы жанындағы сенім телефондары “150” және “111”, WhatsApp қосымшасы +77081060810 (тәулік бойы, тегін, жасырын, құпия) немесе көмек алу үшін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларына телефон арқылы хабарласыңыз.
Алматы қалалық Полиция департаменті: 254-45-99;
Алатау ауданы бойынша: 227-55-54;
Алмалы ауданы бойынша: 264-46-09;
Әуезов ауданы бойынша: 298-53-33;
Бостандық ауданы бойынша: 254-47-32;
Жетісу ауданы бойынша: 254-49-43;
Медеу ауданы бойынша: 254-48-66;
Наурызбай ауданы бойынша: 254-49-48;
Түрксіб ауданы бойынша: 298-54-25 телефоны арқылы.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған “Жан-Сая” дағдарыс орталығы: – 243-22-21
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана “Араша” – 317-57-17;
Қиын жағдайдағы әйелдер мен балаларға арналған баспана “Тин-Челлендж” – 252-99-63; 254-08-58;
“Родник” әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы – 396-19-38;+747-111-23-60;
“Реванш” жан-жақты қолдау орталығы +707-323-23-74.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру