Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады
Алматыда велосипед бағдаршамдары пайда болады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қалалық Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту және қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру бойынша ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Жоспарлануда:
- бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 30 бағдаршамның құрылысын аяқтау;
- бейімделгіш басқару режимінде Алматы қаласы бойынша ЖҚБАЖ құрамына енгізе отырып, 70 бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
- Алматы қаласында реттеудің қосымша құралдары бар 70 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын аяқтау;
- 70 көшеге 200 мың шаршы метр жол таңбалау сызығын салу жоспарлануда;
- 3 843 дана жол белгілерін орнату және қалпына келтіру.
- апаттық-қауіпті аймақтарда 5 мыңнан астам метрден жол қоршауын орнату;
- арнайы бағандарды орнату – 2 мың дана;
- веложолақтармен (веложолдармен), велосипед бағдаршамдарымен 65 бағдаршамды толық жабдықтау.