Түркістан облысында қала тұрғыны дәріханадан телефонды қолды етті
Түркістан облысында қала тұрғыны дәріханадан телефонды қолды етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші өзінің жұмыс жасайтын дәріханасында тұрған Samsung-А 12 ұялы телефонын белгісіз келуші ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 80 мың теңгеге жуық.
Хабар алысымен қырағы полицейлер ұрлық болған дәріханаға жедел жетті. Полицейлер арыз берушіден, басқа да көрген-білгендерден сұрап, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Нәтижесінде, аз уақыттың ішінде күдіктіні тұрғылықты жерінен қолға түсірді. Ол жергілікті әйел болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, күдікті дәрі алу мақсатында дәріханаға кірген. Содан соң ұялы телефонға көзі түсіп, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып, білдіртпестен телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдікті әйелден қолды болған ұялы телефон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.