Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық әйел құны 500 мың теңге тұратын тонды ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Түркістандық полицейлер құны 500 мың теңге тұратын тонды ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға ер адам арызданып, үйіне қонаққа келген әйелдердің бірі құны 500 мың теңге тұратын қысқы тонын ұрлап кеткенін жеткізді. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Осылайша тәртіп сақшылары орын алған оқиғаның толық мән-жайын анықтауға кірісті. Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, куәлардан жауап алынды. Атқарылған шаралардың барысында бір күн ішінде күдіктінің жеке басы анықталды.

Тергеушілердің анықтауынша, күдікті әйел жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол құрбысымен бірге жәбірленуші ер адамның үйіне қонаққа келген, өзара кішігірім отырыс өткен. Осылай көңіл көтеріп отырған кезде күдікті әйел ешкімге байқатпай үй иесінің бағалы қыстық тонын жымқырып кеткен. Ұрланған тонды ломбардтардың біріне 100 мың теңгеге өткізіп жіберген.

Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде қыстық тонды алып, заңды иесіне қайтарды. Бүгінгі таңда аталмыш іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру