ШҚО-да тағы үш жерүсті өткелі салынады
Шығыс Қазақстан облысында тағы үш жерүсті өткелі салынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автомобиль жолдары мен көшелерде жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ғана емес, дамыған автожол инфрақұрылымына да байланысты.
Әкімшілік полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, апаттылықты азайту мен алдын алуға, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізуде.
Осындай жаңалықтардың бірі жақында Семей қаласында жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің ашылуы болды. Өткел сол жағалаудағы айналма жол арқылы халық көшесі жағынан Абай атындағы мешітке жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін едәуір арттырды.
Автожол саласын дамытудың басты міндеті – жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендету, жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілердің назарын және шоғырлануын арттыру.
Полиция бүгінгі күні облыс аумағында 19 көп деңгейлі жаяу жүргіншілер өткелі (9 – жерүсті, 10 – жерасты) пайдаланылатынын атап өтті. Тағы үш жерүсті өткелдерін салу бойынша тиісті жоспарлар ағымдағы жылы, екеуі Өскемен қаласында, біреуі Семей қаласында жоспарланған.