Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда қараусыз қалған ғимараттан жасырылған атыс қарулары табылды

Таразда қараусыз қалған ғимараттан жасырылған атыс қарулары табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпанда Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қала аумағындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасырылған атыс қарулары табылды.

– Арнайы жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысында Калашников маркалы бір автомат, Streamer маркалы бір бірлік травматикалық тапанша, бір дана оқжатар мен бір жарық-шулы граната тәркіленді. Анықталған қару-жарақтарға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы Асылхан Заурбеков.

Тараз қалалық Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру