Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда “күзетші” массаж орталығынан ұрлық жасаған

Қарағандыда жалған күзетші массаж орталығына келушінің смарт-сағаты мен ұялы телефонын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу ашық түрде смарт-сағаты мен ұялы телефонын алып кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құраған.

Алдын ала анықтау жұмыстары кезінде жәбірленушінің қаладағы массаж салондарының біріне келгені, сол мезетте өзін сол мекеменің күзетшісімін деп таныстырған белгісіз азаматтың жәбірленушіден массажға кірер алдында талапқа сәйкес қолындағы смарт-сағаты мен ұялы телефонын тастап кетуін өтінгені белгілі болды. Өзін күзетшімін деп таныстырған азаматқа жәбірленуші еш күдіксіз қолындағы бағалы заттарын қалдырған. Алайда бағалы заттарды алып қалған белгісіз адамның ол жерде жұмыс істемейтіні белгілі болды.

Жедел әрекеттер барысында полиция қызметкерлері “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жігітті ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру