Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация қызметкерлері жалғызілікті зейнеткердің қар басқан ауласын тазартты

Айыртау ауданының пробация қызмет бөлімі жалғызілікті зейнеткерге тұрақты негізінде көмек көрсетеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызмет бөлімі Айыртау ауданының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, тіркеуде тұрған сотталушыларды қатыстыра отырып, жалғызілікті зейнеткердің қар басқан ауласын тазартып, қол ұшын созды. Көрсетілген көмегі үшін ер адам барлық іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, жұмыста сәттілік тіледі.

– Бұл жерде жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету жұмысы аяқталған жоқ. Біз бірлескен қайырымдылық жұмысымызды үйлестіретін Жастар ресурстық орталығымен бірге тұрақты түрде жалғастырамыз, – деді пробация қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру