Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер Республика күнін атап өтті

Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері егемен ел тарихындағы айтулы мереке – Қазақстан Республикасы күнін атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік Ту әкелініп, Гимннің шырқалуымен патриоттық рухта басталған салтанатты шараның ресми бөлігінде Ішкі істер министрінің Құттықтау хаты оқылып, марапаттау рәсімі жүргізілді.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Шалхаров мереке құрметіне орай, қызметін абыройлы атқарған тәртіп сақшыларын төсбелгілермен, медальдармен, грамоталармен марапаттап, ІІМ бұйрығымен бірнеше қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар табыстады.

Сонымен қатар саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін "Жас сақшы" сыныбын тәрбиелеп жатқан Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектептің мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік шараның концерттік бөлігінде жеке құрам мен қонақтар Әлия Молдағүлова атындағы "Жас сақшы" сыныбы және қалалық мәдениет үйі шығармашылық ұжымының өнерпаздарының, сонымен қатар өнерлі полиция қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік бағдарламаны тамашалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру