СҚО-да тұрғын бос тұрған үйде тіркелмеген қаруды сақтаған
СҚО-да тұрғын бос тұрған үйде тіркелмеген қаруды сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Жедел-профилактикалық іс-шараның баса назар аударатын бағыттарының бірі – қарудың қылмыс құралына айналу қаупін жою. Осы мақсатта қару иелері тексеріліп, заңсыз сақтау фактілерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді.
Мәселен, Қызылжар ауданының тұрғыны бос тұрған үйдің қоймасында тіркелмеген қаруды сақтап келген. Бұл жерде оның қолды болу қаупі жоғары болған. 14 күннің ішінде заңсыз сақталған алты тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Бұзушылар жауапқа тартылды.
– «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде сақтау ережелерін және тіркеу мерзімдерін бұзудың 9 фактісі анықталды. Азаматтар қаруды сақтауға арналған сейфтерде бөгде заттарды сақтайды. Қалада тұратын қару иелері орнатылатын дабыл белгісінің жарамдылығын тексермейді. Облыс тұрғындарын қауіпті заттарды сақтауға қатысты сақ болуға шақырамыз, – деді СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.