Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туысының атын жамылып, шымкенттікті алдаған әйел ұсталды

Туысының атын жамылып, шымкенттікті алдаған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, белгісіз тұлға әлеуметтік желіде өзін туыс әпкесі ретінде таныстырып, сеніміне кірген. Содан қаржылай көмек сұрап, 290 мың ақшасын алаяқтық жолмен еншілеп алған. Арызданушы байланыстың ар жағында өзінің туыс әпкесі екеніне күмәнсіз сеніп, оған барлық жинаған қаражатын онлайн қосымша арқылы аударып жіберген. Кейіннен ол байланысты үзіп, “ізін суытқанда” алданғанын түсінген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Азаматшаның басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру