Түркістан облысында немересі атасының банк картасынан заңсыз ақша шешіп жүрген
Түркістан облысында немересі атасының банк картасынан заңсыз ақша шешіп жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі арызданып келген. Онда зейнеткер ер адамның айтуынша, біржылдан бері белгісіз біреу банк картасынан жасырын түрде ақша шешіп жүргенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 700 мың теңгеден астам.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Хабарды алған отырарлық сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларына бірден кірісті. Осы құқық бұзушылықты жасаған күдіктіні табуға қажетті жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде, жинақталған ақпарат көздері арқылы әрекет жасаған полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің немере баласы болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, зейнеткер банк қосымшасын пайдалана алмайтынын айтып, немересіне ақшасын алып беруін сұраған. Осылайша құпия сөзін айтып, картасын сеніп тапсырған. Ал немересі болса қалған ақшасын өз қалтасына басып жүрген.