Атырауда кафе ішіндегі жанжал пышақ жарақатымен аяқталды
Атырауда кафе ішіндегі жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 ақпан күні сағат 01:30 шамасында Баймұханов көшесінде орналасқан кафелердің бірінің ішінінде 37 және 41 жастағы екі қала тұрғыны өзара келіспей, төбелесіп қалды.
41 жастағы ер адам 37 жастағы азаматтың ішінен және кеудесінен үшкір затпен жарақат салған. Оқиға салдарынан ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді.
№2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 41 жастағы күдіктіні ұстап, одан қалта пышағы тәркіледі.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.